Как на казахском геморрой

Геморрой — геморрой түйіндерінің патологиялық өзгерістерінің әрқилы клиникалық көріністерін (қан кету, ішкі түйінінің түсуі, сыртқы түйіндердің тромбозы және ісінуі, олардың өлеттенуі,т.б.) атайды. Халық ішінде көтеу ауруы деп те аталып жүр.
Аурудың негізінде артериалдық веналық қан айналымға ие, тік ішектің соңғы бөлімінің шырышты қабаты астында орналасқан қуысты (эректилбді) денелердің аурулары жатады. Аурудың пайда болуына септігін тигізетін себептер:
- адамның тік жүруі,
- тамақтану екекшеліктері,
- арақ ішу, -отырықты жұмыс,
- гиподинамия, т.б.
- дәмді және ащы тағамдарды шектен тыс мол жеу,
- анальдық аймақтың гигиенасын сақтамау
- ретсіз жыныстық қатынастарда болу сияқты т.б факторлар әсер етеді.
ЖІКТЕЛУІ:
Ағымына қарай:
- Жіті
- Созылмалы
Түйіндердің орналасуына қарай:
- сыртқы
- ішкі
- аралас
Ауырлық дәрежесіне байланысты:
- жеңіл
- орташа
- ауыр
- Біріншілік
- Екіншілік (пайда болуы портальдық гипертензия, ісіктер, кіші жамбас қуысы веналарының флеботромбозы сияқты ауруларға байланысты)
Жеңіл дәрежеде түйіндер шамалы қабынады, тромбозға ұшырап, қан кетуі мүмкін, ауырсыну сезімі айтарлықтай күшті болмайды, сыртқа шығып кеткен түйін өз бетінше орнына келеді.
Орташа дәрежеде перианальдық тері мен түйіндер қабынған және қатты ісінген, шығып кеткен түйіндер өз бетінше қалпына келмейді, тромбозданып қан кетеді.Науқас жағдайы бұзылып, дене қызуы көтеріледі, әлсіздік, мазасыздық пайда болады, тәбеті нашарлайды.
Ауыр дәрежеде — сыртқы шыққан ішкі түйіндер қысылады, өліттенеді немесе іріңдейді.Дене қызуы жоғары көрсеткіштерге дейін көтеріліп, науқас қалшылдайды.Ауырсыну сезімі тек анус аймағында ғана емес, тік ішекте, тіпті іште болуы мүмкін, өздігінен дәрет сындыра алмайды.
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ
Науқастың негізгі шағымдары:
—ауырсыну геморрой түйіннің аурудың асқыну кезінде, қысылып және жіті қабынып анустан шығып тұрғандығымен байланысты болады.
—қан кету тамшы түрінде не қан жолағынан бастап құйылып ағуға дейін барады. Бұл шағымдар дефекациямен байланысты болатын тік ішектің керілу, артқы тесіктің қышуы сияқты, қан кетудің алдында болатын симптомдармен бірге кездеседі.
Қан кету, әдетте бірнеше ай немесе жылдар бойы ауыратын науқастарда анықталады. Жиі қан кету анемияны дамытады.
Артқы тесік аймағын қарағанда үлкейген, солған немесе қатайған және қабынған геморрой түйіндерін анықтауға болады (3,7 және 11сағаттарда). Бұл тік ішектің қуысты денелерінің диффузды түрде орналасқанын сипаттайды. Геморройдың ішкі және сыртқы түйіндері болады. Ішкі түйіндер тұт ағашының жидегіне ұқсас болып, жеңіл қанағыш келеді. Олар науқас күшенгенде және ұлғайғанда томпайып, сыртқа шығып кетеді. Тік ішектің шырышты қабатының шығуы аурудың келесі, ауырлау сатысына өткендігінің белгісі саналады.
Аурудың даму сатылары:
- Бірінші сатыда анус аймағында солғын түйіндер анықталады, олар дефекация кезде күшенгенде ұлғаяды, тұт жидегіне ұқсайды, қан кету айқын болмайды, анустың қабынуы мен қышуы сирек(жылына 2-3рет), сфинктердің бітегіштік қасиеті бұзылмаған.
- Екінші сатыда — дефекация кезінде шамалы қанап тұрған геморой түйіндерін сыртқа шығып тұрғанын көруге болады. Тромбоз белгілері анықталады,шыққан түйіндер өздігінше келмейді, белсенді түрде қан кетіп тұрады.Асқыну ай сайын қайталанып тұрады, артқы тесіктің қышуы айқын, сфинтерінің тонусы әлсіреген.
- Үшінші сатыда — күшенгенде, жұмыс істегенде,тік тұрғанда геморой түйіндері мен тік ішектің шырышты қабатының түсіп кетуі байқалады. Олар өздігінше орнына келмейді, қан кету тұрақты,кейде ауыр анемия дамуы мүмкін, сфинктердің бекіту қызметінің қарқынды түрде нашарлап, газдар мен нәжісті ұстай алмағандықтан науқастың психо-эмоциональдық ой-өрісінің бұзылуын анықтауға болады.
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
-Саусақпен зерттеу кезінде аналық каналда геморрой түйіндерін анықтауға болады. Асқыну кезінде олар қатайған және қатты ауыратын болады. Ұзақ уақыттан кейін ауырып жүрген науқастарда тік ішектің шырышты қабатының бітегіш аппаратының тонусының әлсіздігі байқалады.
-Ректоманоскопия жасау керек. Ол аурудың түрі мен даму сатысын және тік ішектің басқа ауруларын анықтауға мүмкіндік береді.
Анаскоп құралы
Ректоскоп
АУРУДЫҢ АСҚЫНУЫ:
Сыртқы геморрой түйіндерінің тромбозы. Диетаны бұзғаннан немесе ауыр жұмыс атқарғаннан кейін пайда болады.
Ішкі геморрой түйіндерінің қысылуы әдетте диетаны бұзу(арақ ішу және ащы тағамдар мен қоспаларды қолдану), ауыр жұмыс істеу және іштің қатуы салдарынан болады. Ішкі түйіндер сыртқа шығып, артқы тесікте қысылып қалады да, тромбоз және өліктену дамиды.
Жіті геморрой кезінде аспаптық зерттеу құралдарын қолданбауға тырысу керк. Себебі ауырсыну сезімінің айқындығымен қатар қарқынды қан кету мүмкіндігі жоғары.
Науқасқа диагноз қою айтарлықтай қиындық туғызбайды. Дегенмен аурудың сипатын(біріншілік,екіншілік), тік ішектің зақымдалу дәрежесін, ауырлығын, түрін және сатысын көрсету керек.
ЕМДЕУ
1. Консервативті ем (асқыну кезінде жүргізілу керек)
- Арнайы диета(арақ-шарапқа тыйым салу, ащы, қуырылған және майлы тағамдарды шектеу),
- Жергілікті ыстық (жылы суда ерітілген антисептиктермен ванна жасау)
- Гемостатикалық қабынуға қарсы және анальгезиялық әсері бар майлар мен суппозитарлар(анастезол, бетиол, проктозон,неоанузол,релиф,негипан)
- жалпы антибактериалдық, анестезиялық және седативті дәрілер қолдану жатады.
Наркотикалық заттарды қолдануға болмайды.
2.Оперативті ем
Аурудың клиникасы айқын болған жағдайларда, яғни түйіндер жиі қабынғанда, қарқынды және қатты қанағанда, түйіндер түскенде және қысылғанда қолдануы тиіс.
Операцияның мағынасы тік ішектің қуысты денелерін алып тастауда болып табылады. Ең тиімді операциялар қатарына Паркс Миллиган-Морган және оның модификациялары жатады
Миллиган бойынша-Морган бойынша геморрой түйінінен төмендеу тік ішектің шырышты қабаты тілінеді. Түйіннің қан тамырлардан тұратын аяқшасына лигатура салынып түйін кесіп алынады. Пайда болған жараға ұзыннан біріншілік тігіс салынады.Осылайша 3,7 және 11 сағаттарда орналасқан тік ішектің қуысты денелері алма кезек алынып тасталады.
Геморрой түйіндерін И.А. Ташев тәсілімен емдеу патогендік тұрғыдан дұрыс операция деуге болады. Геморрой түйінінің аяқшасын айналдыра шырышты және шырыш асты қабаттары тілініп, 1см көлемінде айналдыра демукозация жасалады. Түйін аяқшасына лигатура салынып, кесіп алынған соң пайда болған жара көлденең бағытта тігіледі.Бұл тәсіл әдетте қолданылатын операцияларға тән асқынулардан қалыс болуымен қатар бір мезетте артқы тесікті айнала орналасқан барлық геморрой түйіндерін алып тастауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ науқастың қосалқы ауруларының ауырлығына байланысты операциялық қауіптілік дәрежесі жоғары болған жағдайларда түйіндерді латекс немесе резина сақиналарымен қысады. Хирургиялық еммен салыстырғанда бұл 3 тәсіл де радикалдық емес, және көп науқастарда жиі рецидив береді.Портальды гипертензияның ауыр түрімен немесе гипертониялық аурудың 3 сатысымен ауыратын науқастарға операция жасауға болмайды.
Загрузка…
Источник
Геморрой (көтеу, Haimorrhois) деп тік ішектің каверноздық денешіктерінің біртіндеп кеңеюімен сипатталатын ауруын айтады. Геморрой тік ішектің жиі кездесетін ауруы. Ол ересек адамдардың 10%-14%-да байқалады (Аминев А.М., 1971, Милитарев Ю.М. және басқ., 1971 т.б.), ал тік ішек ауруларының арасында геморройдың үлесі 40% құрайды (Федоров В.Д., Ю.В. Дулыдев, 1984).
Этиологиясы мен патогенезі. Бұл проблема бүгінгі таңда толық шешілді деп айтуға болмайды. Геморройдың пайда болуын түсіндіруге бағытталған бірнеше көзқарастар бар. Кейбір авторлар геморрой көк тамыр жүйесінің туа біткен жетіспеушілігінің нәтижесі деп түсіндірсе, екіншілері — ол артқы қысқышта өтетін тік ішек көктамырларында қанның қалыпты ағу процесінің бұзылу себебінен қанның тоқыраулануынан туады дейді (Ривкин В.Л., Капуллер Л.Л., 1976 т.б.). Келесі бір ғалымдар геморрой механикалық факторлардың әсерлерінен, атап айтсақ іш қату немесе атқаратын жұмысының жағдайы көп қимылдауды қажет етпейтін, көбінесе, креслода отырып істеумен байланысты болуынан, әлде жүктілік болу кезінде көктамырлардың жатырмен қысылуынан т.с.с. себептерден туады деген пікір айтады (Аминев А.М., 1971). Зерттеушілердің, үшінші тобы геморрой алкогольдік ішімдіктер мен аса өткір, ащы тағам түрлерін мөлшерден тыс, көп қолданғандықтан немесе инфекциялық агенттердің (колит, геморройдалдық көктамырлардың флебиті т.б.) әсерінен туатынын айтады (Ленушкин А.И., 1976). Осылармен қатар, геморройдың пайда болуын түсіндіруге арналған нейрогендік, эндокриндік, аллергиялық теориялар да бар.
Аталған бірнеше теорияларға қарамай, бүгінгі таңда геморрой ауруының пайда болуында екі фактор негізгі себеп ретінде танылып отыр. Біріншісі, адам организмінде осы ауруға деген бейімділік факторлердің болуы. Олардың қатарына туа біткен даму аномалиялары, тұқым қуалайтын қасиеттер, жүктілік, тұрмыс және қызмет (отырып істеумен байланысты) ерекшеліктері. Екіншісі аурудың пайда болуына тікелей әсері бар немесе іш қуысындағы қысымды жоғарылатушы факторлер. Олар: физикалық күштенуді қажет ететін ауыр жұмыс, ұзақ мерзімге созылған жөтел (бронхит, туберкулез ауруларында), әртүрлі себепті іш қату, простата безінің аденомасында болатын күшену құбылыстары т.б.
Жіктеу (топтау) (классификация) жобасы. Күнделікті тәжірибеде хирургтер геморройдың мына жіктеу (топтау) жобасын пайдаланады.
Клиникалық көрінісіне қарай:
а) жедел; б) созылмалы; в) қайталанбалы (рецидивирующий). Орналасқан жеріне (анатомиялық) қарай:
а) сыртқы геморрой — кеңейген көк тамырлар тарақша (гребешковая) сызық деңгейінде, яғни тік ішектің кілегей қабатының терімен шектесу аймағында;
б) ішкі геморрой — кеңейген көк тамырлар қысқыш (сфинктер) деңгейінен жоғары орналасады.
Кеңейген вена түйіндерінің сыртқа тусу дәрежесіне қарай:
а) I дәрежелі — түйіндер тек үлкен дәретте (дефекация) сыртқа қарай шығып, соңынан өздігінен, еш көмексіз, орнына қайта түседі;
б) П дөрежелі — дәреттен соң немесе ауыр физикалық күш тісуден сыртқа шыққан түйіндер өздігінен орнына түспейді, сондықтан ауру адам оларды қосымша қимылмен (әдетте қолмен) орнына түсіреді;
в) Ш дәрежелі — түйіндер ауру адам тік тұрғанда, жүргенде немесе кішігірім физикалық ауыртпалық түскеннің өзінде шығып, қайта орнына түспейді.
Сонымен қатар, кейбір авторлар геморройдың клиникалық барысына қарай а) асқынбаған және б) асқынған түрлерін ажыратады(А-минев А.И., 1973, Ривкин В.Л., Капуллер Л.Л.,1977 т.б.) . Асқынулар қатарына аталған авторлар геморройдалдық веналардың тромбофлебитін, проктитті, қан кетуді, парапроктитті, тік ішектің төмен түсуін т.с.с. өзгерістерді жатқызады.
Клиникалың көріністері. Геморрой ұзақ мерзім созылатын ауру болғандықтан негізгі белгілерінен бұрын, олардың алдын ала білінетін құбылыстадан басталады. Оларға anus аймағындағы қолайсыз сезімдер, жеңіл дәрежелі қышыма сезімі, дефекация процесінің біршама қиындауы т.б. Бұл белгілер бірнеше айдан бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Аурудың даму барысының келесі кезеңінде жоғарыда айтылған қолайсыз сезімдерге ауру сезімі қосылады, anus-тан қан кету белгісі пайда болады. Кейбір пациенттерде қан кету жоғары дәрежеге жетіп, оларда әлсіздік, анемия белгілері тууы мүмкін. Аталған белгілері анықталған жағдайда ауруды анықтау қиындық тудырмайды. Дегенмен оны дәлелдеу ретінде саусақпен зерттеу және аспапты зерттеулерді (ректо — жөне ректороманоскопия) қолдану керек. Геморройды анықтау қиын болмағанмен оны тік ішектің жарылу, түсу ауруларынан, парапроктиттен, әсіресе тік ішек обырынан (рак) ажырату қажет.
Емдеу. Қауіпті асқынуы жоқ және І-П дәрежелі геморройды, әдетте, комплексті консервативті ем тәсілімен емдейді. Оның құрамына мына шаралар кіреді. 1. Тағамның түрі мен оны қолдану кестесін сақтау арқылы нәжістің консистенциясын, яғни ол қатайып, өте тығыз болмауын реттеу. 2. Гигиеналық кестені сақтау (жоғары бағытталған душ, дефекациядан соң anus аймағын жуып-шаю). 3. Тұзды, бұрышы көп, яғни тік ішекті тітіркендіретін тамақты, алкогольді ішімдіктерді қолдануға тиым салу. Осылармен қоса отырып қолданатын былау (ванна), ауру сезіміне қарсы анальгетиктер, 0,25-0,5 % новокаин ертіндісін қолданып, веналардың айналасында тосқауыл (блокада) тудыру, антибактериалдық және анелгезия тудыратын арнайы майлар («Анестезол», «Бетиол», «Неоанузол» т.б.), балауызшам тәрізді дәрілер (свечи) пайдаланылады. Асқынбаған созылмалы геморройда склероздау тәсілін қолдануға болады (Аминев А.М.,1974).
Аурудың ІІ-ІІІ даму дәрежелерінде немесе жиі қанап, коп мазасыздандыратын жағдайларда хирургиялық жолмен емдейді (гемор-ройдэктомия). Қазіргі кезде, негізінен, геморрой түйіндерін А.Н Рыжих, Парке, немесе Миллиган-Морган және оның Ресей проктология ғылыми-зерттеу институты модификациялаған түрімен алып тастау әдістері жиі қолданылады. Операция алдында ауру адамдарға арнайы дайындық шаралары жүргізілуі қажет (жалпы гигиеналық душ алу, ішекті клизма жасау арқылы тазалау т.с.с). Ал операциядан соң операция жасалған жерді күнделікті күтіп, байлау (перевязка), тамақ қолдану кестесін сақтау, іш қатудан сақтайтын дәрілер беру сияқты жағдайларды жасау керек.
Хирургиялық тәсілді қолдануға қарсы көрсеткіштер: бауыр (цирроз), жүрек аурулары, 3 дәрежелі гипертониялық ауру және несіп қуығының аурулары.
Геморройдың асқынулары:
- Сыртқы геморрой туйіндерінің тромбозы. Бұл асқыну, көбінесе, мұқият сақтау қажеті бар диета бұзылғанда немесе қалыптан тыс физикалық күш түскенде пайда болады. Ауру адамның шағымдарын-да anus аймағындағы өте қатты ауру сезімі және сол аймақта бөгде зат тұрғандай сезім орын алады. Аталған аймақты көзбен шолып зерттегенде ұлғайған, көк түсті қан тамыры түйіндері анықталады. Емі, көбінесе, консервативті түрде жүргізіледі. Оның құрамында тағам қолдану кестесін сақтау, қабыну құбылысымен күресу (бутадион, реопирин, аспирин тағайындау), жергілікті ем ретінде қорғасын суын, ал 3-4 күннен бастап отырып іске асырылатын былау (ванна) қолдану сияқты шаралар болу керек. Консервативтік ем ойдағыдай нәтиже бермесе хирургиялық ем жолы қолданылады (түйінді кесіп, тромбтарды алу).
- Ішкі геморрой туйіндерінің қысылуы. Пайда болуының негізгі себептері жоғарыда аталған асқынудың себептеріне ұқсас келеді және, солармен қатар, іш қату (запор) орын алады. Ішкі геморрой түйіндері аталған себептердің әсерінен төмен ығысып анальді сфинктермен қысылып қалады. Қысылу себебінен геморрой түйіндерінде тромбоз пайда болып, олар өліеттенуі (некроз) ықтимал. Бұл асқынудың клиникалык, көрінісінде де anus аймағында өте қатты ауру сезімі мен артқы жүрісте бөгде зат қадалғандай сезім мазалайды.
Объективті түрде көзбен шолып зерттегенде anus периметрін бойлай орналасқан қара-кок түсті геморройдалдық түйіндер көрінеді.
Қатты ауру сезімі себебінен геморройдың аталған екі асқынуында саусақпен немесе аспапты зерттеулер жүргізу мүмкін емес.
Емдеу шаралары ретінде диета, ауру сезіміне қарсы күрес (пресакральді новокаинді тосқауыл), қабыну құбылыстарын жоятын дәрілер, т.б. тағайындалады. Жедел құбылыстар жойылған соң хирургиялық ем қолданылуы керек (геморройдэктомия).
Вконтакте
Мой мир
Источник
Ішкі геморрой — Ректум тамырларының патологиясысы, онда варикозды түрлендірілген тораптар тік ішектің шырышты қабығының астында орналасады. Аурудың нақты белгілері: ауырсыну, дефекациямен ауырады; қан кету; ішкі түйіндерді жоғалту; анемия белгілері. Геморрой саусақ зерттеу арқылы анықталады, аноскопия, sigmoidoscopy, ирригоскопия. Ішкі геморройларды консервативті емдеу ерте кезеңдерде тиімді, тиімді склеротерапия процедуралары, криоды жою. Жетілдірілген жағдайларда хирургиялық экзегендеуге немесе түйіндерді лиганизацияға барыңыз.
- Ішкі геморройдың себептері
- Ішкі геморрой белгілері
- Ішкі геморройдың асқынуы
- Ішкі геморрой диагностикасы
- Ішкі геморройларды емдеу
- Ішкі геморрды болжау және алдын-алу
Ішкі геморрой
Ішкі геморрой — бұл варикозды веноздық плексус, тікелей шырышты қабықтың астында орналасқан ректумада орналасқан. Көбінесе, варикозды патологияның созылмалы жолы бар, бастапқы кезеңде біртіндеп және жиі асимптоматикалық түрде дамиды, тік ішектің секілді бірнеше нервтік соңы бар. 4-ке жуық% (6% аурудың аралас түрін ескере отырып) планетаның барлық ересек тұрғындары әртүрлі ауырлықтағы ішкі геморройдан зардап шегеді. Айта кету керек, 80-те осындай проблема туындайды% әйел туған. Сонымен қатар, қайта туылған нәресте ретканалық варикозды веналарды бірнеше рет алу мүмкіндігін арттырады (геморрой).
Ішкі геморройдың себептері
Ішкі геморройдағы патологиялық процестің дамуының негізгі себебі мұрагерлік бейімділік болып табылады. Бұл кеңейтілген қуыстардың түзілуіне байланысты, эмбриогенез үдерісінде аноректальды сызық алдында дистальды тік ішекке және периналық тері астындағы анальды каналға орналастырылады. Арандатушы факторлардың әсерінен формациялар мөлшері артады, соңғысы дистальды бағытта жылжиды — ішкі геморрой қалыптасады.
Ішкі геморрой — патология, өмір салтымен тікелей байланысты. Төмен дене белсенділігі, ұзақ отыруға немесе жұмысқа тұру — факторлар, ректалды плексустардағы қанның тоқырауына және ішкі түйіндердің пайда болуына алып келеді. Шамадан тыс дене белсенділігі, салмақ көтеру де ішкі геморрой дамуына әкеледі. Суды жеткіліксіз пайдалану несептің қысылуына және қанның қалыңдығына әкеледі. Өте артық пайдалану/тұзды тағам, тағамдар, алкогольді асыра пайдалану, Ішек шырышты қосымша тітіркендіреді, дисфункция тудырады (іш қату сияқты, сондықтан диарея) және ішкі геморройдың дамуын ынталандырады.
Әйелдерде «іске қосу механизмі» геморрой түзілімдері — босану. Артық салмақ/семіздік, жамбас ісіктері ақ ішек қозғалғыштығын қоздырады, ал майдың немесе ісік тінінің қосымша қысымы ішектің қан айналымын айтарлықтай бұзады.
Ішкі геморрой ішек инфекцияларынан пайда болуы мүмкін, онда шырышты қабаттың микромагмалары пайда болады. Бұлшықет талшығының атрофиясы егде жастағы ішкі түйіндердің пайда болуына әкеледі. Стресс және жиі жүйке бұзылуы барлық мүшелердің жұмысына теріс әсер етеді, ішекті қоса алғанда, Ішкі геморроидтердің провокаторлары факторларының әрекет етуін күшейту және оның бағытын қиындау.
Ішкі геморрой пайда болу үшін екі жағдай қажет: түзу биіктігі (ішкі) тамырлы қабырғалардың қысымы мен әлсіздігі. Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты тік ішектің веноздық плексусының және олардың шығуының кеңеюі байқалады. Ішкі геморроидты патоморфологиялық түрде анықтады, шырышты. Ондағы тамырлы құрылымдар күрделенген денелер түрінде ұсынылған, көптеген қуыстардан тұратын, бұлшықет пен дәнекер тіннің бөлінуімен бөлінеді.
Ішкі геморрой белгілері
Ішкі геморрой мен сыртқы геморрой арасындағы негізгі айырмашылық сыртқы белгілердің болмауы болып табылады. Варикозды түйіндер тік жақта тығыз немесе сфинктерден біршама қашықтықта орналасқан. Симптомдары өсіп жатқанда дамиды. Проктологияда ішкі геморрой дамуының 4 сатысы бар.
I сатысы. Варикозды кеңейту бастапқыда аз, кішкене ішкі ішектер іс жүзінде науқасқа қолайсыздық туғызбайды. Кейде ғана тораптар, қатты нәжіспен жарақат алған, бүлінген, және олардың қабынуы басталады. Эксудат ылғалдылыққа әкеледі, жанармай жағып, анустың айналасында қышу. Дәретхана қағазында қанның белгілері болуы мүмкін, алайда, қан инклюзиялары жиі көзге көрінбейді және тек микроскопиялық талшықтар арқылы анықталуы мүмкін. Пациенттердің көпшілігі ішектің қозғалысынан кейін тік ішекке ыңғайсыздық сезінеді.
II кезең. Емдеу болмаса, ішектің ректальды варикозы келесі кезеңге өтеді. Геморрой одан әрі артады, ауырсыну сезімі және ішекте бөтен дененің болуы. Ауыр жүктеме кезінде (гравитациялық көтеру, қатты жөтел, дефекация) анустан пайда болған варикоздық құрылымдар пайда болады, бірақ кейін өздігінен жасырынып жүреді. Айырмашылық маңызды. Әр дефекация актісі ауырады. Анемия жергілікті жағымсыз белгілермен байланысты, қан жоғалтуына байланысты. Кейде науқастың жағдайы жеңілдетіледі, барлық симптомдардың төмендеуі, ремиссия кезеңі басталады.
III кезең. Геморрой соншалықты керемет, тіпті жеңіл жүктеме кезінде анустан да кетеді. Бұл жағдайда олар өздігінен тартылмайды, әрбір түсірілген түйін қолмен қалпына келтірілу керек. Осы кезеңде асқынулар дамуы мүмкін: айқын қабыну реакциясы пайда болды, ректалды жарықтар, ректалды қан кету. Ауырсыну, ауырсыну емес — Ішкі геморрой асқынуларының негізгі белгілері.
IV кезең. Ішкі варикозды тамырлардың нұсқасы іске қосылды — үнемі геморрды сілекей ұстайды, дұрыс емес, мүмкін емес. Науқас әрдайым ауырады. Тіпті сиыр және жүру ауырсынуды арттырады. Геморройдың даму процесі шиеленісу кезеңдерінде және симптомдардың жарқынлығымен бірге жүреді. Аурудың даму жылдамдығы фактордың күшіне және дене сипаттамаларына байланысты.
Ішкі геморройдың асқынуы
Ректалды тамырларда қанның стассиі олардың тромбозын тудырады. Ол ануста өткір ауырсынумен сипатталады. Ішкі геморрой күлгін-көк түске ие болады, пальпация кезінде мөлшерін едәуір арттырады және күрт ауырады.
Ішкі түйіндерді бұзу диетадағы қателіктермен туындады, физикалық күш салу, ішекті. Олар түсіп, аналь каналына түседі, нәтижесінде геморроидальды тромбоз және олардың некрозы болуы мүмкін. Пациенттердің ануста ауыруы бар, таңба сипаты мен бөтен дененің сезімталдығы. Зерттеу барысында қара түсті, қара түсті, геморрой.
Аналогтық арнаның тұрақты қан кетуі ішкі геморройдың асқынуы болып табылады. Әлсіздік және басқа да жалпы симптомдар прогрессивті анемияның фонымен дамиды (гемоглобиннің 40-50 г дейін төмендеуі/л), қан тамырларының қан кетуіне немесе анустың қуыс ағзаларынан ұзақ қан кетуіне байланысты. Геморройдың ұзаққа созылуы, әсіресе қарттарда, анальды сфинктердің және газды ұстамаудың жеткіліксіздігіне әкеледі, кейде сұйық ішек мазмұны.
Ішкі геморрой диагностикасы
Сыртқы түйіндердің жетіспеушілігі және шағымдардың жеткіліксіздігі ауруды ерте диагностикалауды қиындатады. Егер сіз ішкі геморрой деп ойласаңыз, дәрігер сандық сараптама жүргізеді. Стерильді қолғапта индексі бар саусақпен варикозды веналар үшін мамандар бар, түйіндердің тығыздығын анықтайды, олардың мөлшері мен ауруы. Кейбір жағдайларда түйіндер айқын топтауға ие емес, бұл ректумның қуыс дене мүшелерінің еркін сипаты туралы айтады. Пальпация Хилтонның ақ сызығымен анықталады, ішкі және сыртқы түйіндердің шекарасы болып табылады. Ішкі қабаттарға тию үшін ұқсас «тұтқа жидек», ол оңай қанмен. Ұзақ мерзімді геморроидтар көмегімен ректалды аппараттың тонусы пальпация арқылы анықталады, бұл ішкі түйіндер мен шырышты қабаттардың жоғалуына ықпал етеді, тіпті кішігірім дене жұмысымен немесе тік күйінде.
Түйін туралы нақты ақпарат аноскопты пайдалана отырып жиналуы мүмкін. Аноскопияны орындау кезінде түтікке тік ішекке 10 см тереңдікте кіргізіледі, артқы жарық жүйесімен жабдықталған. Егер тораптар жоғары болса, sigmoidoscopy қолданыңыз. Эндоскопиялық зерттеу ректумның жағдайы туралы толық ақпаратты жинауға мүмкіндік береді, 25 см тереңдікте геморрды шығарудың саны мен дәрежесі, сонымен қатар басқа проктологиялық ауруларды болдырмайды. Зерттеу нәтижесінде ректальды ісікке күдік туындаған жағдайда биопсияны алу мүмкіндігі бар (Ішкі геморройға ұқсас айқын белгілер).
Ішек ирриоскоскопиясы (ішектің және тік ішектің) рентгендік сәулеленуді және контраст агентінің ішекке кіруін пайдалануға мүмкіндік береді (барий сульфаты) шөгінділердің болуын анықтаңыз (геморрой қоса алғанда) және анал фистулы. Әдетте ирригоскопия балалардағы басқа проктогиялық зерттеулерді ауыстырады. Барлық аспаптық зерттеулер алдында диета (қайнаған тағамдарды алып тастау) және тазарту хвосты. Жедел геморройда мұндай әдістер қолданылмайды, Бұл ауыр ауру мен қарқынды қан кету қабілетіне байланысты.
Нәжісті зертханалық сынау (жасырын қан талдау, бағдарлама) көмекші және ішектің функционалдылығын және қан кетуін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, құрттар мен ламблия кисталарының жұмыртқаларына талшықтарды талдау перианальды қыштың паразиттік себептерін болдырмайды. Ішкі геморройдың дифференциалды диагнозы тік ішектің пролапсымен орындалады (ал анустың доғалуы табиғатта дөңгелек болып табылады), аналь сиқырларымен, дивертикулоз, зерттеу аймағындағы кемшіліктер, ректальды қатерлі ісік (анустың қанық артериялық қанының болмауы).
Ішкі геморройларды емдеу
Консервативті терапия ректальды варикозды веналардың дамуының алғашқы кезеңінде ғана тиімді және аурудың өткір кезеңінде тағайындалады. Оның құрамына кіреді: симптоматикалық терапия (ауырсынуды жеңілдету, Ішек функциясын қалыпқа келтіру), тромбоздың алдын алу (гепарин), ауыз қуысының венотоникасы (троксерутин, диосин). Рекалді геморройдың ұзақ уақыт бойы емделуі. Ауызша дәрі, бүкіл денеде варикозды патологияға әсер етеді, 3 айлық қайталанған курстар қабылданды.
Ішкі геморройдың I-II сатысында инфрақызыл фото-және электрокоагуляция әдісі қолданылады, геморроидальді склеротерапия. Үлкен веналар бір-біріне жабыстырылған, бос және біртіндеп еруі. II-III кезеңдері түбегейлі шараларды талап етеді: Проктолог кристалды жою қажеттілігін анықтайды (сұйық азотпен бірге ыдыс-аяқты мұздату), латекс сақиналарымен немесе хирургиялық лигатурамен байланысы/варикозды ыдыстарды шығару, сондай-ақ Миллиган-Морганға немесе Лонго әдісіне байланысты жедел геморреоктомиясы. Ішкі геморройдың регенерациясы терминалдың геморроидальді артерияларын біріктіру арқылы жүзеге асырылады, АҚШ долларымен бақыланады.
Түйіннің ішкі тромбозын емдеу қабынуға қарсы терапияны тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Хирургиялық емдеу диссекцияны қамтиды, тромбоздық массаларды алып тастау және тромбацияланған геморройларды эвакуациялау. Тоқтатылған түйіндерді азайту қолмен орындалады, тиімсіз болған жағдайда жоспарлы хирургиялық араласуды тағайындайды (өткір құбылыстардың шоғырлануынан кейін.)
Ішкі геморрды болжау және алдын-алу
Уақытты емдеумен ішкі геморрой бойынша болжам өте қолайлы. Консервативті әдістермен, оның ішінде венотониялық препараттардың профилактикалық курстары, қайталану жылдамдығын барынша азайтуға болады. Осындай мақсатпен ас қорыту жолдарының қызметін қалыпқа келтіру бойынша іс-шараларды өткізіңіз (іш қатуға қарсы күрес/диарея) және тітіркенген ішек синдромын емдеу.
Ішкі геморройдың алдын алу дұрыс тамақтану ережелеріне сәйкес келеді (жеміс/көкөністер, ауыз су режимі), мотор белсенділігі (тұрақты серуендеу, гимнастика), жеке дене күштерін жою. Салауатты өмір салты ішкі геморрой ықтималдығын жоққа шығарады.
Источник